Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп командасының ірі жеңісіне зор үлес қосты

23.10.2025, 12:00

Ресей Кубогының топтық кезеңіндегі 6-тур ойынында Петерборлық "Зенит" өз алаңында "Оренбург" командасын 6:0 есебімен тас-талқан етті. 

Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп осы матчта негізгі құрамда алаңға шықты. Ол қорғаныста сенімді ойын көрсетіп, қарсы шабуылдарға тосқауыл бола білді. Бапкер оны 65-минутта алмастырды.

Бұл ірі жеңістен кейін "Зенит" топтағы барлық алты ойында жеңіп, 18 ұпаймен "А” тобының көшін бастады. Ал "Оренбург” сегіз ұпаймен, екінші орынға тұрақтады.

1/4 финалда "Зенит” Мәскеудің "Динамосымен", ал "Оренбург" "Краснодармен" кездеседі.

Плей-оффтың алғашқы матчтары 4–6 қараша аралығында өтсе, жауап ойындары 25–27 қараша күндері ойналмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров