Нұралы Әліп "Краснодарға" қарсы матчта

13.04.2024, 15:01

Қазақстан Ұлттық құрама командасының қорғаушысы Нұралы Әліптің "Зениті" бүгін "Краснодармен" ойнайды. Бұл, РПЛ-дің 24-турының орталық кездесуі. Командалар қазір Ресей біріншілігінің алғашқы екі орнында тұр.

Сонымен, маңызды матч алдында Санкт-Петерборлық клубтың құрамын талқылаған ресейлік БАҚ Нұралы Әліпті де айналып өтпепті. Қазақстандық футболшының "Краснодармен" болатын бәсекедегі мүмкіндіктері турасында питерлік команданың бұрынғы спорттық директоры Игорь Корнеев былай депті; "Әліпті соңғы қорғаушысы позициясына қойса, тамаша ойнап бере алатын мүмкіндігі бар." Краснодарда" сондай керемет вингер жоқ". Жалпы, И. Корнеев Қазақстан Ұлттық құрамасы мен "Зенит" қорғаушысының ойын сапасына жақсы баға берді.

Айта кетейік, Нұралы Әліп питерлік команда сапына 2022 жылы ауысқан. Келісімшарты 2025 жылдың 30-маусымына дейін. Қорғаушының қазіргі нарықтық құны - 3 млн еуроны құрайды.