Ол “Зенит” командасы сапынан траур лентасын тағып шыққан жалғыз футболшы болды.
КСРО чемпионатының 4-дүркін жеңімпазы 2025 жылдың 23 қарашасында 99 жасында дүние салды. Осыған орай, елдің футбол Одағы Никита Симонян құрметіне орай, 1 минут үнсіздік пен командаларға траур лентасын таратып берді.
Бірақ “Динамо” мен “Зенит” кездесуі барысында Петербор ұжымы сапында тек Нұралы Әліп қана Симонянға құрмет көрсетті. Қалғандары лента тағудан бас тартты.
Бүгін “Спартак” Лукойл Аренада 1956 жылғы Олимпиаданың жеңімпазын ақтық сапарға шығарып салды. Оның құлпытасы Алтын доп иегері қақпашы Лев Яшин жерленген мазарға орнатылады.
Біздің серіктес: FONBET