Нұралы Әліп тағы да негізгі құрамда

03.05.2024, 05:38

Қорғаушы маңызды матчты толық ойнап шықты

Нұралы Әліп "ЦСКА" - "Зенит" кездесуінде

Кеше Ресей Кубогіндегі РПЛ жолының бірінші финалдық кездесуінде "ЦСКА" мен "Зенит" жолықты. Мәскеудегі матч 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз қарымта ойында анықталмақ. Қос команданың бірінші бәсекесі өте тартысты болған. Екінші таймның 53-минутында Антон Заболотный алаң иелерін есепте алға шығарса, ойын соңында Александр Ерохин (84) таразы басын теңестірді. Енді командалар 15-мамырда жауапты мачта жолығады. Жеңгені Ресей Кубогінің суперфиналына шықпақ. Нұралы Әліпке келер болсақ, Қазақстан құрамасының қорғаушысы кездесуді негізгі құрамда бастап, соңғы секундқа дейін өнер көрсетті.

Естеріңізде болса, отандасымыз питерлік клубқа 2022 жылы ауысқан. Футболшы мен "Зениттің" келісімшарты 2025-жылдың 30-маусымына дейін.