Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп Уэльске қарсы матч жайлы: балалардың барлығы жүз пайыз дайын

03.09.2025, 17:03

Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп Уэльске қарсы ойын алдындағы баспасөз-мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Нұралы Әліп
Жарнама
Жарнама

Журналистердің бірі футболшыға Асхат Тағыбергеннен кейін құрама капитаны болуға байланысты сауал қойған.

«Капитан болсаң әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Мұның алдында қаншама жыл Асхат ағам капитан болды. Енді бұйырса маған сенім артып жатса бар күшімді салып, жақсы нәтиже көрсетуге үлесімді қосуға тырысамын. Барлығымыздың көңіл-күйіміз тамаша. Балалардың барлығы жүз пайыз дайын», - деді «Зенит» қорғаушысы.

Нұралы Әліп ертең Қазақстан құрамасымен бірге ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында Уэльске қарсы тұрады. Сондай-ақ, ұлттық команда 7-қыркүйекте Бельгиямен күш сынаспақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров