Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы Ресей кубогының топтық кезеңіндегі бірінші тур аясында сырт алаңда Грозныйдың «Ахмат» клубын 2:1 есебімен жеңді.
Бұл ойында Қазақстан ұлттық құрамасының қос ойыншысы да бір-біріне қарсы доп тепті. «Ахмат» сапында шабуылшы Максим Самородов пен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп матчты толық өткізіп шықты.
Айта кетейік, Нұралы Әліп соңғы рет «Зенит» сапында 3 шілде күні «Динамоға» қарсы жолдастық ойында өнер көрсеткен еді.
Келесі матчта Ресей Премьер-Лигасы аясында «Зенит» ЦСКА-мен кездессе, ал грозныйлықтар Махачкалада жергілікті «Динамомен» ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET