Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп «Зенит» сапында жоғары деңгейде өнер көрсетті

31.03.2025, 10:53

Қазақстан құрамасының қорғаушысы кеше РПЛ-дің 22-турында питерлік клуб сапында «Рубинге» қарсы ойында алаңға шығып, жақсы нәтиже көрсетті.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында
Жарнама
Жарнама

Әліп қазандықтармен матчтың негізгі құрамында болмаған, алайда командаласының жарақатына байланысты алаңға 14-минутта дереу қосалқы құрамнан шығуға мәжбүр болды. Сөйтіп, маңызды кездесуде командасын күшейте алды деуге болады. Ойынның өзі алаң иелерінің сенімді жеңісімен аяқталған 4:0.

Голдар: Лусиано Гонду 51, Густаво Мантуан 59, Матео Кассьерра 73, Андрей Мостовой 74.

Айта кетейік, Нұралы Әліп РПЛ-24/25 маусымында 14 кездесуге қатысып, бір гол мен бір ассисттің авторы атанды. Ал Уэльске қарсы матчта «Зениттің» қорғаушысы толық ойынды ойнап шықты. Жалпы, 25-жастағы футболшы ұлттық команда жейдесінде 39 ойында өнер көрсеткен. Әліп пен питерлік команданың келісімшарты 2028-жылдың маусымына дейін жарамды.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров