Нұралы Әліп: «Зенитке» трансферімнен түскен ақша «Қайрат» академиясының дамуына жұмсалды

21.09.2024, 08:33

Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп СПГ Шоу подкастына берген сұқбатында «Қайраттың» күрделі кезеңі мен өз тарнсферінен түскен қаржының қайда жұмсалғаны жайлы айтты.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында

«Егер қазір «Қайрат» чемпион атанса,  керемет болар еді. Біздің президентіміз Қайрат Советайұлы Боранбаев бір жарым жыл қамауда отырды, қаңтар оқиғасы дегендей... «Қайрат» сол кезеңде «үнемдеу» режимін қосқан. Барлығының жалақысы қысқартылып, қымбат легионерлерден құтылды. Олар осылай «жан сақтады» деуге болады. Дәл осы кезде менің «Зенитке» трансферімнен түскен ақша «Қайрат» академиясының дамуына жұмсалды. Қазір онда бәрі дұрыс», - деді Н. Әліп. 

Айта кетейік, Нұралы Әліп үшін питерлік клуб «Қайратқа» 2 миллион еуро төледі. Футболшы ресейлік команда сапына 2022-жылы ауысқан болатын.