Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп “Зениттегі” ең есте қаларлық матчтарын атады

26.10.2025, 20:25

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің “Зенит” клубының қорғаушысы Нұралы Әліп команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында клуб сапындағы ең есте қалған ойындарын тізіп шықты.

Жарнама
Жарнама

— Ең әсерлі үш ойынды атап өтсеңіз? — деген сұраққа Нұралы былай деп жауап берді:

“Әрине, бірінші орында — Ресей кубогының финалы “Балтикаға” қарсы матч. Себебі дәл сол ойында мен жеңіс голын соқтым. Екіншісі — “ЦСКА”-мен өткен кубок ойыны, онда біз пенальти сериясында жеңіске жеттік. Үшінші — “Ростовқа” қарсы алтын матч. Сол кездесуде біз 0:1 есебімен ұтылып жатып, екі гол соғып алға шықтық. Ол сәтте қуаныштан барлығымыз алаңға жүгіріп шықтық, тіпті қарсы ойында “Краснодар” мен “Динамоның” не істеп жатқанын да білмедік.”

Сондай-ақ, Әліп “Зенит” сапында жеткен жетістіктері жайлы да сөз қозғады. Ол клубта өткізген уақыты ішінде жеті трофей жеңіп алған.

— Осы трофейлердің ішінде ең қымбаты қайсы? — деген сұраққа Нұралы былай деді:

“Тағы да Кубок финалын атар едім. Сол матчта мен қосымша уақытта жеңіс голын соғып, “Зенит” тарихта алғаш рет маусымдағы барлық Ресейлік турнирлерді жеңіп алған клубатанды.”

Айта кетсек, алдағы турда Нұралы Әліптің “Зениті” Ресей Премьер лигасында Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін Мәскеудің “Динамосына” қарсы кездесу өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров