Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп “Зениттегі” сенімділігінің сырын ашты

Бүгін, 17:54

"Зенит" клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Санкт-Петербургте өткен ерекше ашық жаттығудан алған әсерімен бөлісіп, командаға не күш беретінін айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Санкт-Петербургтің қақ ортасында, Александрин театры мен Екатерина 2 ескерткішінің жанында "Зениттің” ашық жаттығуы мен жазғы фестивалі өтті. Бұл шараны тамашалауға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Нұралы Әліптің пікірінше, мұндай іс-шаралар команда мен жанкүйерлерді бір арнаға тоғыстырады.

"Клубтың жанкүйерлерге жақындай түскені өте тамаша. Бұл бізге күш пен сенімділік сыйлайды.” — деді футболшы.

Ол таңғы жаттығудан кейін жанкүйерлерді көру өте жағымды болғанын және осы кездесуден кейін көңіл-күйінің көтерілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта "Зенит” Ресей чемпионатында 6 ұпаймен екінші орында келе жатыр. Команда келесі кездесуін 16 тамыз күні өз алаңында Мәскеулік "Динамоға” қарсы өткізеді.

Ашық жаттығу барысында тек футболшылар ғана емес, бапкерлер штабы да белсенділік танытты. Мәселен, қақпада команда бапкері Анатолий Тимощук өнер көрсетті. Мұндай атмосфера Нұралы Әліп сияқты ойыншыларға алдағы жауапты матчтар алдында психологиялық тұрғыдан үлкен қолдау болары анық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров