Колумбиялық шабуылшы Жон Дуран Түріктің "Фенербахче" клубымен қоштасып, Ресейлік "Зенит" (Санкт-Петербург) сапына жалға берілді, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Бұған дейін ол Түрік елінде Саудияның "Аль-Наср” клубынан жалға алынған ойыншы ретінде өнер көрсетіп келген еді. Алайда тараптар келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатып, футболшы маусым соңына дейін Ресей Премьер лигасында бақ сынайтын болды.
Дуран "Зенитте” маусым аяқталғанша доп тебеді. Келісімде ойыншыны жазда біржола сатып алу құқығы қарастырылмаған.
Футболшы жаңа клубындағы алғашқы ойынын қысқы үзілістен кейін, 27 ақпанда "Балтикаға” қарсы өткізуі мүмкін.
22 жастағы шабуылшының трансферлік тарихы таңғалдырмай қоймайды. 2025 жылдың қаңтарында "Астон Вилладан" "Аль-Насрға” ауысқалы бері бұл оның үшінші клубы.
Аль-Насрмен бес жарым жылдық келісімшартқа қол қойғанымен, небәрі 6 айдан соң Түркияға кеткен болатын.
Осылайша, Жон Дуран небәрі 22 жасында алтыншы мемлекеттің біріншілігінде ойнап, өзіндік рекорд орнатып отыр. Қазіргі таңда "Зенит” турнир кестесінде көшбасшы "Краснодардан” бір ұпай ғана қалып, екінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET