Нұралы Әліптің командасына жаңа ойыншы келді

27 жастағы шабуылшы Александр Соболев “Зенитпен” келісімге келді.

Орталық шабуылшы “Спартактан” Петербор ұжымына 10 млн еуроға ауысты.

Соболев РПЛ жаңа маусымында өткізген 6 ойында 1 гол соқты. Трансфермаркет Александрды 7,50 млн еуроға бағалайды. Айтпақшы шабуылшы “Зенитте” 7 нөмірмен өнер көрсететін болады. 

Кәсіби мансабында ресейлік футболшы “Томь”, “Енисей” және “Крылья Советов” клубтарының намысын қорғады. 

Сергей Семак командасы ішкі чемпионаттың 6-турында 15 ұпай жинап турнирлік кестеде 2 орында келеді. Петерборлық ұжым көш басындағы “Краснодардан” небәрі 1 ұпайға қалық. 

Материалда: