Нұралы Әліп «Зениттің» құрамында тағы бір тамаша кездесу өткізді.
Кеше Қазақстан құрамасының қорғаушысы РПЛ-дің 12-турында «Акронға» қарсы кездесуді негізгі құрамда бастап, соңғы минуттарға дейін доп тепті. Отандасымыздың осы ойындағы өнеріне «Flashscore» сайты жоғары 7,9 деген баға берген болатын. Ал Тольятти қаласында болған матчтың өзі «Зениттің» жеңісімен аяқталды (5:0).
Санкт-петерборлық клуб РПЛ-де көш бастап тұр. Келесі турда 26-қазанда Әліптің командасы «Локомотивті» қабылдайды. Естеріңізде болса, қорғаушы «Зениттің» сапында 2022-жылдан бері доп тебеді. Питерлік ұжым оны «Қайраттан» 2 млн еуроға сатып алған болатын. Осы тамызда футболшының келісімшарты 2028-жылдың отызыншы маусымына дейін ұзартылды.
Біздің серіктес: FONBET