Нұралы Әліптің пенальтиі "Зенитті" чемпиондықтан айыруы мүмкін

07.05.2024, 10:56

Кеше МИР РПЛ-дің 27-турында "Зенит" сырт алаңда "Факелмен" жолығып, тең тарқасты

Нұралы Әліп "Факел" - "Зенит" кездесуінде

Кездесуде бірінші болып есеп ашқан қонақтар. 41-ші минутта Дуглас Сантос көзге түсті. Матчтың басым бөлігінде үстемдік танытқан питерлік клуб ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды. Төреші Нұралы Әліптің қолына доп тиді деген негізбен, "Зенит" қақпасына 11 метрлік айып добын белгілеген. Евгений Марков мүлт кетпеді.

Сонымен, "Зенит" РПЛ-дің аяқталуына 3 тур қалғанда 51 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал өкшелеп тұрған "Краснодар" мен "Динамода" 50 ұпайдан. Бұл - Нұралы Әліптің осы маусымдағы ресейлік топ-клуб қатарындағы 24-ші кездесуі. Қазақстандық қорғаушы "Зенитке" 2022 жылы "Қайраттан" ауысып барған болатын.