Нұралы Әліптің «Зениттегі» бәсекелесі басқа командаға ауысты

03.09.2024, 14:44

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін петерборлық «Зениттің» футболшысы Роберт Ренан Сауд Арабия біріншілігінде доп тебетін болды.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында

«Зенит» пен «Әл-Шабаб» бразилиялық футболшыны жалға алу жөнінде келісімге келген. Енді Әліптің командаласы Криштиану Роналду, Кәрім Бензема секілді жұлдыздармен бір чемпионатта сынға түспек.

Айта кетейік, Ренан сондай-ақ, өз отанында «Интернасьонал» клубының да намысын қорғаған. Бразилиялық футболшы Нұралы Әліппен бірге 2022/2023 жылғы маусымда Ресей премьер-лигасында топ жарды. Transfermarkt порталының бағасына сәйкес, Роберт Ренанның нарықтық құны 9 миллион еуроны құрайды. Қорғаушы мен «Зениттің» келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін жарамды.

Естеріңізде болса, Нұралы Әліп петерборлық ұжымның қатарында 2022 жылдан бері өнер көрсетуде.