Жарнама
Жарнама

“Нұралы – нағыз жауынгер!” – Тимощук Әліптің жарақаты мен мінезі туралы айтты

Бүгін, 10:59

Санкт-Петербургтің "Зенит" бапкерінің көмекшісі Анатолий Тимощук МАТЧ ТВ арнасына берген сұхбатында Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліптің денсаулығы мен оның қайсар мінезіне тоқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жақында өткен матчта оның жарақат алуына байланысты Тимощук төмендегідей пікір білдірді:

"Ауырсынуды елемейтін қайсарлық"

Бапкердің айтуынша, Әліптің төзімділігі өте жоғары және ол кез келген жағдайда командасына көмектесуге дайын:

"Нұралы — нағыз жауынгер! Біз оның ауырсынуға өте төзімді екенін жақсы білеміз. Тіпті, мұндай қиын сәттердің өзінде ол бірден алаңға қайта оралуға оқталды. Бірақ біз оған тәуекелге барудың қажеті жоқ екенін айттық. Алдымен сабырмен жарақатын тексеріп, жағдайын бағалауды жөн көрдік.” — деді Тимощук.

Сонымен қатар, жаттықтырушы Қазақстандық футболшының жағдайы аса ауыр емес екенін меңзеп, жанкүйерлерді тыныштандырды:

"Меніңше, оның денсаулығына төніп тұрған айтарлықтай қауіп жоқ. Нұралы алдағы уақытта жаттығу жұмыстарын әдеттегідей жалғастырады деп ойлаймын." — деп түйіндеді сөзін "Зенит” өкілі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров