Жарнама
Жарнама

Нұралы Жақсылық “Астана” командасында қала бермек

Вингер елорда командасында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Жарнама
Жарнама

“Астана” командасының жағдайы “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қорының қаржыландыруынсыз қалған соң, күрт нашарлады. Клуб инвесторлар іздеумен жүріп, біршама легионерінен айырылып қалды. Шетелдік ойыншылардың соңынан жергілікті қазақ футболшыларының арасынан алғашқылардың бірі болып Нұралы Жақсылық кетуі мүмкін еді. Алайда бір емес бірнеше позицияны жаба алатын жас футболшы ойлана келе мансабын “Астанада” жалғастыра беруді құп көріпті. 

Жалпы 21 жастағы шабуылшы Григорий Бабаян жаттықтырған ұжымда барлығы 34 матч өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді. Өткен маусымда Нұралыға албанияның “Партизани” мен литвалық “Кауно Жальгирис” сынды шетелдік командалардан ұсыныс түсті.

Трансфермаркт порталы Қазақстан Жастар құрамасы ойыншысын 200 мың еуроға бағалайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: