Жарнама
Жарнама

Нұрбек Қарағұлов: «Дәл қазір іштегі қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес»

18.01.2021, 02:55
«Ақтөбе» келесі кезеңдегі қарсыласын 21 қаңтар күні білетін болады.
Жарнама
Жарнама

Кеше футзалдан "Ақтөбе" Грекияның АЕК командасын 5:2 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. Ойынның соңғы голын соққан Нұрбек "Ури" Қарағұлов матч туралы пікірін білдірді.

- Ойын өте қиын болды. Бірінші таймды қарсылас команда белсенді бастағанымен, екінші таймда біз ширақ қозғалып, бапкердің нұсқауларын бұлжытпай орындап жеңіп кеттік. Жалпы Чемпиондар Лигасы футзалда дәрежесі биік турнир. Ал бұл жарыста гол соғу бір бақыт.

Шынымды айтсам жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өткенімізге әлі де сенбей тұрмын және өте қуаныштымын. Дәл қазір іштегі қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Себебі біз тек "Ақтөбенің" емес, Қазақстанның атынан келіп тұрмыз. Сол үшін де командалас жігіттерге рақмет. Бізді қолдаған барша "Ақтөбе" жанкүйерлері мен барша қазақ еліне, сонымен қатар жарысқа жоғарғы деңгейде дайындалуға мүмкіндік жасаған клуб басшысы Артур Смағұловқа алғысымыз шексіз. Ақтөбе алға!

Естеріңізге сала кетейік келесі айналымға өткен "Ақтөбенің" келесі қарсыласы жеребе тарту рәсімі арқылы белгілі болады. Ал келесі айналымның ойындары 16-21 ақпан күндері өтеді.

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров