Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Нұрғазы Жарылғапов "Шахтёр" клубының бас бапкері қызметіне Дмитрий Огайдың тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа өткір пікір білдірді.
Оның сөзінше, Огай — тәжірибелі маман болғанымен, соңғы жылдары белсенді жұмыс істемеген.
"Бізге неге Огай керек?! Дмитрий Алексеевичті жақсы білемін, ол – тәжірибелі маман. Бірақ соңғы бес жылда нақты нәтиже көрсеткен жоқ. Тіпті Бірінші лигада да көзге түсе алмады. Бізде өзіміздің жергілікті мамандар бар ғой – Финонченко, Чебурин, Солошенко, Москаленко. Олар Қарағандыны да, жанкүйерлерді де жақсы біледі.” – деді Жарылғапов "ЖаркOff” телеграм-арнасына берген жеке пікірінде.
Сондай-ақ ол клуб ішінде тараған мәліметтерге тоқталып, соңғы кезде "Шахтёрдегі” шешімдерді Рохус Шох ықпал ететінін айтып өтті:
"Баспасөзде Шох клубта бәрін басқарып отыр деген әңгімелер көп. Солай болып та жатқандай, ол Қарағандылық мамандарды елемей, өз Жамбылдық әріптестерін алға тартуда." – деп қосты ол.
Біздің серіктес: FONBET