-Әрине, екі команда да 1/4 финалға шығу мақсатын орындап қойған. Бұл ойында топта кім бірінші орын алады деген мәселе шешілді. Оның маңызы бар. Бірінші орынмен шыққан команда бір ойыннан тұратын келесі кезең кездесуін өз алаңында өткізеді. Сол себепті бұл ойында "Мақтааралға" жеңіс, ал бізге тең ойын да жеткілікті еді.
- Кубок ойындары "Таразға" қандай пайда әкелді деп ойлайсыз?
- Стратегиялық жағынан жоспарымыз кубоктық ойындарда барлық футболшыларды чемпионат кездесулеріне барынша жақсы формада әкелу болды. Ол ойындарда ротация жасадық. Негізгі құрам ойыншыларын іс жүзінде көріп, көп сұраққа жауап алғым келген еді. Бірақ жауап ала алмадым. Тағы да бізде шабуылда ойын жүрмеді. Қорғаныста да қателіктер орын алды. Жалпы ойында жүйелілік болмады деп ойлаймын. Мұның бәрін шешуіміз керек. Себебі келесі сырт алаңда "Тобылмен" өтетін кездесу оңай болмайды.
-Соңғы матчта жамбылдық футболшылар бар күшін салмағандай көрінді...
- Бүгінгі матчта біздің футболшылар да тең ойын жеткілікті болатынын біліп жүрді. Сондықтан қорғанысқа көп түсті. Әрине, "Мақтаарал" 3-4 ойыншы алып, күшейгені көрініп тұр. Ойын өрнегі өзгерген. Бізге қауіпті сәттің көбісі стандартты сәттерден болып жатты. Себаихидің әуелетіп жеткізген пастары мен бойшаң ойыншыларға қарсы тұру қиынырақ. Сол бір стандарттан гол жіберіп алдық. Дегенмен есепті теңестіре алдық. Ойыншыларды алмастырып, жоспарлағанымыз іске асты деп ойлаймын. Екі-үш гол соғатын мүмкіндігіміз де болды, ойын соңына қарай гол жіберіп алуымыз да мүмкін еді. Жігіттерге рақмет. Бар күш-жігерін салды.
Енді 1/4 финал жеребе тартылуын күтеміз. Ал "Мақтааралға" сәттілік! Команда алдындағы мәселелердің шешіліп, келесі жылы премьер лига қалуына тілектестік білдіремін.
Біздің серіктес: FONBET