Жарнама
Жарнама

Нұркен Мазбаев: «Қорытынды есеп заңды деп есептеймін»

18.03.2022, 15:38
Жамбылдық клуб сырт алаңда «Қайраттан» ұпай алды.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев Премьер-лиганың үшінші турында «Қайратпен» болған ойын (1:1) жайлы пікір білдірді:

- Біз бұл матчтың қиын болатынын білдік. Қарсылас команда қапталдан көбірек шабуылдауға тырысатынын түсіндік. Бірақ оған дайын болдық әрі жинады ойнадық. Ойынға қойған жоспарымызды толығымен орындадық деп ойлаймын. Қорытынды есеп заңды деп есептеймін. Жігіттерге қоятын алаңға шығар алдындағы бір ғана тапсырма бар. Ол тек қана жеңіске жету үшін ойнау және жеңіс үшін барлық мүмкіндігін алаңда паш ету. Командаға барын салып ойнағаны үшін рақмет!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров