Жарнама
Жарнама

Нұркен Мазбаев: «Төрешіден әділ болуын өтіндім»

03.07.2022, 22:08
Жамбылдық клуб соңғы төрт матчта бір ғана ұпайға ие болды.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев «Атыраумен» болған матч туралы пікір білдірді:

- Турнирлік кестедегі жағдай өте қызық, әр ұпайды алу қиынға соғуда, өйткені бәрі жоғарылағысы келеді. Ойын ауыр болды деп ойлаймын. Алаңдағы төсеніш жинақы футбол ойнауға мүмкіндік бермеді. Мен жігіттерден мүмкін болса, допты басқару қажеттігін айттым, ал қолымыздан келмесе қарсыласты өздерінің жарты алаңында күтіп алып, сол жерде тосқауыл болу керектігін ескерттім. «Атырау» - бұл көптеген командалардан ұпай тартып алған мықты команда. Бүгін заңды нәтиже тіркелді деп ойлаймын. Матч соңында жеңісті жұлып алатын сәт болды. Менің ойымша, біз осындай сәттерді VAR арқылы қарауымыз керек - қарсыластың аяғы біздің ойыншымыздың басына дейін көтерілген екен. Бірақ, мүмкін, біз қазір эмоцияға ерік берген шығармыз. Сондықтан ойынды қайта қарауымыз керек. Екінші жағынан, қақпашымыз бізге көп көмектесті. Жалпы алғанда, соңғы 10 минутта кез-келген команда жеңіске жетуі мүмкін еді.

- Жақсылықовты Айтбаевпен ауыстыруыңызға не себеп болды?

- Ол жастықтың буымен екінші сары қағазын алуы мүмкін еді. Тәуекел жасағымыз келмеді. Төреші Кеңесекке болмашы фол үшін сары қағаз көрсетті, ал қарсыласты өрескел ойнаса да кешірді. Маған алаң жиегінен төрешіге шағым жасауға тура келді, мен одан әділ болуын өтіндім, не дегенмен футболда бірінші рет жүрген жоқ қой. Алайда оған ауыр сөздер айтпадым. Матч соңында текетірестің болғаны кездейсоқ емес, ойыншылар төрешінің сапасыз жұмысын көріп, өздерін ұстамай алмады.

- Командаңызды Қазақстан кубогінің ойындары күтіп тұр.

- Енді өзімізді қалыпқа келтіруіміз керек. Командадан ойыншылар кетіп жатыр, сондықтан құрамды қайта жасақтап, жаңа ойыншылармен күшейеміз. Егер біз екі-үш ойыншыны қатарға қоссақ, оларды Кубок ойындарында сынап көреміз. Сонымен қатар соңғы кездері аз ойнап жүрген футболшыларға мүмкіндік береміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров