Жарнама
Жарнама

Нұрлан Даиров отау құрды

03.01.2021, 22:37
Қорғаушы дәл қазіргі уақытта клубсыз жүр.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" клубының экс-қорғаушысы Нұрлан Даиров отау құрды. Той "Taraz Hall" мейрамханасында өтті. Тойға келген құрметті қонақтар арасында Қазақстан құрамасының ойыншылары - Бауыржан Исламхан, Елдос Ахметов, Бахтиер Зайнутдинов бар.

Нұрлан Даиров - "Қайраттың" тәрбиеленушісі. 2012 жылы қорғаушы клубтың қосалқы құрамында ойнай бастады. Премьер-лигадағы дебютін 2016 жылы "Ордабасыға" қарсы ойында жасады. "Қайраттың" негізгі командасы үшін 6 матч өткізді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін көкшетаулық "Оқжетпесте" ойнады.

Қазір футболшы "Тараз" клубымен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта қарағандылық "Шахтер" сапын толықтыруы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров