«Ньюкасл» Ван де Беекті алмақшы

09.05.2020, 22:49
Клубқа ақша келіп, гүлденгелі жатыр.

АЯКС жартылай қорғаушысы Дони Ван де Беек "Ньюкасл" командасына ауысуы мүмкін. Бұл жайлы журналист Никола Скира өзінің туиттерінде жазды. "Жазда ағылшын клубы нидерландылық Ван де Беекті сатып алуға тырысады" депті ол жазбасында. Негізі "Реал" Мадрид те бұл ойыншыға қызығушылық танытып отыр. "Сауысқандар" сапына ауысқаннан гөрі "Реалға" көбірек бүйрегі бұратынын Дони бір сұқбатында айтып та қалыпты.

Алдыңғы жаңалық
Чемпионаттар VAR-сыз өтпек.
Келесі жаңалық
Бундеслигаға болжам