«Ньюкасл Юнайтед» «Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хагты шақыру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің хабарлауынша, «Ньюкасл» клубының басшылығы голландиялықты Ағылшын Премьер-лигасындағы ең жоғары жалақы алатын бапкерлер қатарына қосуға дайын. Англиялық клуб «Аякс» бапкеріне жылдық жалақысы 13 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынбақ.
Бірақ тен Хаг «Ньюкаслдың» турнирлік кестедегі жағдайы нашар болғандықтан, тәуекелге барып, англиялық клубқа ауысқысы келмейді.
Сондай-ақ «Ньюкасл» бос жүрген Дженнаро Гаттузо мен Люсьен Фавр, Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес, «Рейнджерс» жаттықтырушысы Стивен Джеррард және «Вильярреал» бапкері Унаи Эмериге қызығушылық танытуда.
Біздің серіктес: FONBET