Жарнама
Жарнама

«Ньюкаслды» Сауд Арабиясының тәуелсіз қоры сатып алады

27.01.2020, 19:26
Жарнама
Жарнама

Ағылшынның «Ньюкасл» командасының қожайыны ауысуы мүмкін. The Telegraph хабарлауынша, 13 жыл иелік етіп келген Майк Эшли тиімді ұсыныс түссе клубты сатуға дайын көрінеді. Қазір Сауд Арабиясының тәуелсіз қоры ұжым басшылығымен қызу келіссөз жүргізіп жатыр. Жобамен бұл келіссөз 400 млн. еуроны құрамақ. Дегенмен инвестор мен қожайын әлі толыққанды келісімге келмеген.

Егер Арабтар клубты сатып алса, президенті Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Сальман болады деген ақпарат бар. Өткен жылы ол «Манчестер Юнайтедті» сатып алуға ниет білдірген еді. Сонымен қатар, клубқа жаңа басшы келсе, трансфер үшін алдағы 2 жылға 200 млн. еуродан астам қаржы бөлінбек.

Биылғы маусымда «Ньюкасл» АПЛ-да 24 турдан кейін 30 ұпай жинап, 14-орында тұр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров