Жарнама
Жарнама

"Ньюкаслдың" бас бапкері жазаланды

12.03.2014, 06:14
Жарнама
Жарнама
帕杜头顶瞬间 11 наурыз Англия футбол федерациясы "Ньюкасл"  командасының бас бапкері Алан Пардьюдың жүгенсіздігіне қатысты мәселені қарап, соңғы шешімін жасады. Енді басбұзар бас бапкер жеті ойын бойына шәкірттерімен бірге болып, оларға жарыс барысындағы ақыл- кеңесін бере алмайды. Бұл жағдай сырт алаңда "Халл Ситиге" қарсы ойында орын алды. Алаң жиегінде тұрған "Ньюкаслдың" бас бапкері қарсы команданың жартылай қорғаушысы Дэвид Мейлермен әлденеге келіспей қалды. Өз жүйкесіне ие бола алмаған бапкер баспен соққандай болды қарсылас ойыншысын. Бұндай тәртіпсіздіктің төрешілер назарынан тыс қалуы мүмкін емес қой. Сонымен, соңғы шешім бойынша, Пардью бапкерді жеті бірдей ойынға қатыстырмау белгіленді. Ол енді осы жеті ойынның төртеуін көрермендер арасында отырып тамашалайтын болса, қалған үш кездесуде тіпті мүлдем жарыс алаңына кіруіне де рұхсат жоқ. Бұған қоса ол  60 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл да төлейді. Енді алдағы жеті кездесу барысында шәкірттері оның ақыл- кеңесін ала алмайды. Сонымен, "Фулхэм", "Кристал Пэлас", "Саутгемптон", "Манчестер Юнайтед", "Сток Сити", "Суонси", "Эвертон" командаларына қарсы ойындар "Ньюкасл"  үшін бас бапкерсіз өтпек. Қуанышхан ӨМІРХАН  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров