Жарнама
Жарнама

ОАР ФИФА үмітін ақтады

17.03.2011, 17:45
Жарнама
Жарнама
Футболдан Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионаты ФИФА тарихында ең сәтті әрі табысты біріншілік болды. Йоханнесбург те өткен баспасөз жиынында халықаралық қауымдастықтың бас хатшысы Жером Вальке осылай мәлімдеді. ЖЕРОМ ВАЛЬКЕ “Қара құрлықтағы дүбірлі доп додасының қарсаңында бүкіл әлемді қаржы дағдарысы шарпығаны белгілі. Соған қарамастан, дүниежүзілік біріншіліктің теле-радио көрсетілімдерінен түскен пайда анағұрлым жоғары болды. Жалпы, Әлем чемпионатын өткізуге бас аяғы 1,2 млрд. доллар жұмсалды. Алдағы уақытта да шығындардың шамасы осы сомадан аспауы тиіс”. Валькенің айтуынша кеткен шығын толығымен ақталып, тіпті ФИФА мол пайдаға кенелген. Нәтижесінде халықаралық қауымдастық аяқ доп өнерін одан ары дамытуға Қара құрлықтағы әр елге 800 мың доллар көлемінде қаржы бөлді. Ал, Оңтүстік АФрикада 50-ден астам жасанды футбол алаңдарын салуға шешім қабылданып, елдің футбол қауымдастығына автобустар мен жеңіл көліктер сыйға тартылды. Сондай-ақ мемлекеттегі футбол инфрақұрылымын қаржыландыратын арнайы қор да құрылды. Ал, 2014 жылы Бразилия мен 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатырна қазірден бастап қызу дайындық жүргізілуде. Тіпті, телекөрсетілімдер де алдын ала сатылып қойылыпты. Ермек Төренияз
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров