“Тараз” бен “Ақсу” командаларының экс-ойыншысы Фейт Обилор мансабын малайзиялық ПДРМ ұжымында жалғастырады, деп жазады Аладоп.кз.
Фейт “Тараз” ФК жалпы алғанда 30 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Ал Ақсу сапында қорғаушы барлығы 53 ойында төбе көрсетті. ҚПЛ жорығын Обилор 2021 жылы бастаған. Содан бері ойыншы жоғарғы лигада 3 маусым өткізіп, 70 матчта алаңға шықты.
Қорғаныстың кез-келген позицияларында өнер көрсете беретін Фейт РоПС, ХИК, “Интер” (Финляндия), “Шериф” және “Кеми” клубтарының намысын қорғаумен танымалдыққа ие болды.
Малайзия Суперлигасында 2020 жылдан бері бақ сынасып келе жатқан ПДРМ құрылған уақытынан бері ешқандай жетістікке жетпеген. Ішкі біріншіліктің ортаңқол командаларының бірі.
Біздің серіктес: FONBET