Жарнама
Жарнама

Облыстық дерби.Жаңа ойыншылардың артықтығы жоқ

25.07.2011, 17:48
Жарнама
Жарнама
Бір облыс командаларының арасындағы бұл кездесуді өте тартысты, дерби дәстүрінде өтеді деп жоспарладық. Бірақ, бұл жолы да күткеніміз болмай шықты. «Қайрат» еш қайсарлықсыз үш ұпайды қарсыласына ұстатып жіберді. Джон Грегори бапкер Израильден алып келген бірнеше ойыншы да осы кездесуде аса қатты белсенділіктерімен байқала қоймады. Орталық алаңда ойнаған Кинг бұрын аталған елдің «Ашдод» командасында өнер көрсеткен екен. Грегори бұл жігітті арнайы алдыртыпты. «Жетісуға» қарсы кездесуде байқағанымыздай, қара нәсілді Кингтің қазақтың қара балаларынан асып тұрған дәнеңесі жоқ. Бұрыштама добына баспен үн қатқан Арунас Климавичюс «Қайрат» қақпасына допты шегедей қақты. Литвалық легионердің соққан голына алматылықтар қанша тырысқанымен де жауап қайтара алмады. «Қайрат» – «Жетісу» 0:1 (0:1) Гол: Климавичюс 30 «Ордабасы» – «Астана» 1:1 (0:1) Голдар: Тәжімбетов 51 –  Боговац 4 «Восток» – «Қайсар» 2:0 (1:0) Голдар: Николаев 34, Уразбахтин 74 «Тараз» – «Тобыл» 1:0 (0:0) Гол:  Недашковский 46 «Ақтөбе» — «Ертіс» 7:2 (3:1) Голдар: Хайруллин 5 (1:0), Примус 20 (2:0), Кенжесариев 26 (3:0), Мальцев 27 (3:1), Тілешев 53 (3:2), Джилас 58 (4:2), Мане 66 пенальтиден (5:2), Мане 83 (6:2), Кенжесариев 90 (7:2)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров