"Қайрат" - "Реал" (0:5) матчынан кейін қорғаушы Офри Арад Aladop.kz сайтының құрылтайшысы Ермұхамед Мәуленнің сұрақтарына жауап беріп ойын жайлы өз пікірін білдірді.
Арад:
"Иә, біз әлемдегі ең үздік ойыншыларға қарсы ойнадық. Оның оңай еместігін білесіздер. Кейде артқа шегінесің, кейде шабуылға шығуға тырысасың. Менің ойымша, біз жақсы қорғана білдік. Бірақ қарсылас өз шешімін таба алады. Бізге де мүмкіндіктер келді, бірақ сол сәттерді пайдаланып, гол соға алмадық.”
Сонымен бірге, ол командаға деген мақтанышын жасырмады:
"Мен команда үшін шын жүректен мақтанамын. Біз соңына дейін ерлерше күресеміз. Бес гол жібердік, бірақ бұл біз үшін соңғы матч емес. Алға жылжып, қателіктерімізден сабақ алып, жалғастыра береміз."
Біздің серіктес: FONBET