27 жастағы жартылай қорғаушыға ота жасалды деп күтілуде.
Отадан кейін Офриге біраз уақыт демалыс керек. Сол себептен ол “Қайраттың” Дания астанасындағы ойынынан шет қалуы мүмкін.
Еске салсақ, израильдік футболшы сары-қаралардың “Сан-Сиродағы” кездесуінде гол соғып, Эдмилсоннан кейін “Қайраттың” еурокубоктің жалпы кезеңіндегі екінші нәтижелі әрекетін тіркеді.
Айта кетейік, Копенгаген - Қайрат арасындағы Чемпиондар Лигасы матчын қазақстандық жанкүйерлер 26 қараша күні Астана уақытымен сағат 22:45-те тамашалай алады. Әзірге біздің команда 4-тур қорытындысы бойынша тек 1 ғана ұпай жинады.
Біздің серіктес: FONBET