Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына берген сұхбатында «Қайраттың» жаңа футболшылары Ойва Юккола мен Яакко Оксаненнің деңгейі жайлы айтып, бағасын берді.
Қос футболшы жыл басында алматылық команда сапын толықтырған. Өткен демалыста «Тобылға» қарсы Суперкубок аясында өткен кездесуде екеуі де алаңға шығып (2:2, пен 4:5) дебюттік ойындарын өткізді.
«Қайраттағы» екі фин ойыншысы жақсы өнер көрсетті деуге болады. Әйтсе де, оларды Офри Арад, Валерий Громыкодан мықты деп айта алмаймын. Шамамен солардың деңгейінде шығар. Бұлай дейтінім, фин ойыншылары маған жақсы таныс. Кезінде сол жақта 3 жыл ойнадым. Олар ең алдымен командалық футболшылар. Одан кейін фин футболшылары жалпы болмысынан жауынгер келеді. Бапкердің тапсырмасын, ойын нұсқамасын толықтай орындайды», - деді Б. Есмағамбетов.
«Қайрат» ҚПЛ-2026-да алғашқы кездесуін 7-наурызда «Алтайға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET