Жарнама
Жарнама

Ойын алдындағы болжам

19.02.2014, 06:44
Жарнама
Жарнама

Манчестер Сити – Барселона

18 ақпан. «Этихад» стадионы, сағат 01.45 Бас қазы: Йонас Эрикссон (Швеция) Мануэль Пеллегрини келгелі түлеп салған «Манчестер Сити» командасы үшін бүгін ауыр сын. Өз алаңдарында «Барселонаны» ұта алар ма екен? Оңай болмас, әрине. Шейх Мансур Манчиниді жылы орнынан алып, орнына Пеллегринді қойғаны көпшілік үшін күтпеген жаңалық болған. Сенім ақталды. Әзірге бұл команданың қарқыны артпаса, бәсеңсіген жоқ. Қонақта немістің «Бавариясын» 3-2 есебімен ұтқан Ман Сити, Барселонаны да ұтамыз деп талпынып отыр. Өз алаңында «Арсеналды» (6:3) және «МЮ-ді» (4:1) мен ұтқаны көпшіліктің есінде шығар. Бүгін Месси мен Негредо арасындағы текетіресті көретін боламыз. Агуэро, Настасич / Дос Сантос жарақатына байланысты ойынға қатыспайды. Кім мықты? Алаңдағы ойын көрсетеді. Сұрақ көп, жауабын ойын аяқталған соң біле жатармыз.

Байер – ПСЖ

18 ақпан. «Бай Арена» стадионы, 00.45 France Football журналистері донецкілік «Шахтердің» бас бапкері Мирче Луческуға сұрақ қойып әлек. "Не деп?" дейсіз ғой. «Байерді» қалай ұтуға болады?» деп. Байердің жұлдызы Кисслингті тұсап ұстау «ПСЖ» қорғаушылары үшін басты міндет болмақ. Стандартты жағдайларды, бұрыштама добын орындауда неміс ойыншыларының шеберлігі жоғары екенін атап өтті. Міне осыны меңзеді бас бапкер Луческу. Лоран Бланның шәкірттері қонақта қалай өнер көрсетеді? Ибрагимовичтің голын көре аламыз ба, жоқ па? Бәрін бүгінгі ойын көрсетеді. Футболда қаражаты көп команда жеңіске жете бермесі анық. Байерде де мүмкіндік бар. ПСЖ да оңай шағылар жаңғақ емес. Сонымен ойынға санаулы минуттар қалды. Кім мықты? Алаңдағы команданың ойынына зер салыңыздар. Не де болса шын мықты жеңіске жетсін.     Абылайхан ЖҰМАШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров