«Okko Sport» Премьер-Лиганың ойындарын стадионның виртуалды шуымен көрсетеді

16.06.2020, 21:58
Матчта көрермендер болмайды, бірақ дауыстары естіліп тұрады.

Ресейдегі Англия Премьер-лигасының ресми хабар таратушысы «Okko Sport» Премьер-Лиганың ойындарын виртуалды стадионның шуымен көрсетеді. Ағылшын чемпионатының ойындары трибунадағы жанкүйерлерсіз өтеді, дегенмен, көрермендерге стадионның шуымен дыбысты толықтыра отырып, аудиожазбаны тыңдауға мүмкіндік беріледі. Қызметтің абоненттері матчтарды EA Sports-тің шуылымен, сонымен қатар нақты уақыттағы дыбыс инженерлерінің командасы басқарған Okko Sport дыбыстық сүйемелдеуімен көре алады.

Ернар Ламқадыров