“Оқжетпес” бірінші орынды берер емес

Көкшетаулық “Оқжетпес” Бірінші Лиганың 24-турында павлодарлық Екібастұзды 2:1 есебімен жеңді.

Бірінші Лига, 24-тур

“Оқжетпес” 2:1 “Екібастұз”

Голдар: Орынбасар 29’, Аллахбердиев 64’, Серікбай 69’

Осы ойыннан кейін “Оқжетпес” 51 ұпаймен турнирлік кестеде 1 орында келеді. Ал екінші сатыға “Қайрат 2” ұжымы орнығып алды. Алматы ұжымының қоржынында 49 ұпай. 

Айта кетейік, “Қайрат 2” бүгінгі 24-тур аясында Түркістанды өз алаңында ойсырата ұтты. Сары-қаралар Оматай, Смайылбек, Ахмедов және Тұрдыбаевтың голдарының арқасында алаң иелерінен 1:4 есебімен айласын асырды.  

Материалда: