Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» клубы қытайлықтарға сатыла ма?

04.11.2025, 17:59

Көкшетаулық команда әлеуметтік желіде жекешелендіруге қатысты сұраққа жауап берді.

Жарнама
Жарнама

«Әлеуметтік желілер мен жекелеген интернет-ресурстарда «Оқжетпес» футбол клубын шетелдік (қытайлық) компанияға сату жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде хабарлаймыз:

Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Оқжетпес» футбол клубы – Ақмола облысы әкімдігінің қарамағындағы мемлекеттік актив болып табылады.
Мемлекеттік активтерді шетелдік инвесторларға беру, сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының тиісті шешімдері мен келісімінсіз мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы мен 2018 жылғы 9 шілдедегі №437 Үкімет қаулысына сәйкес, мұндай нысандар ерекше бақылауда болады және белгіленген жекешелендіру тәртібінсіз иеліктен шығарылмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңының нормаларына сәйкес, шетелдік инвесторлардың стратегиялық және мемлекеттік активтерге қатысуы Үкімет пен уәкілетті органдардың жеке шешімдері арқылы реттеледі.

Қазіргі таңда клубтың қолданыстағы демеушілері мен ресми серіктестері бар, олармен ұзақ мерзімді әріптестік келісімдер жасалған.
Клуб Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында өз әріптестік қатынастарын дамытып, спорттық және қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.

Бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі пайдаланушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз.

«Оқжетпес» футбол клубының қызметіне қатысты барлық ресми мәлімдемелер мен жаңалықтар тек клубтың және Ақмола облысы әкімдігінің ресми дереккөздері арқылы жарияланады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, көкшетаулық ұжым биылғы Қазақстан Премьер-лигасын 35 ұпаймен 8-орында аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: