Жарнама
Жарнама

“Оқжетпес” ойыншыларына ертегідей сыйақы тағайындалды

22.03.2026, 08:14

Көкшетаулық ұжымның "Ұлытауды" (2:1) тізе бүктірген қайсарлығы басшылықты бейжай қалдырмады. Маусымды сәтті бастаған клуб енді әрбір сәтті қимыл үшін қомақты қаржылай сыйақы алатын болады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жансұлтан Мұхаметханов
Жарнама
Жарнама

Иван Сауэр жариялаған жаңа жүйе Қазақстан футболындағы ең ерекше премиалды бағдарламалардың біріне айналмақ.

Жаңа ереже бойынша, ойыншылардың алаңдағы әрбір нәтижелі әрекеті бағаланады.

– Соғылған әр гол үшін — 1 000 000 теңге

– Қарсылас голына қайтарылған жауап (камбэк) үшін — 2 000 000 теңге

– Қақпашының сенімді ойыны мен шеберлігі үшін — 1 000 000 теңге

"Ұлытаумен” өткен ойынның нәтижесі бойынша бірнеше футболшы бірден байлыққа кенелді. Алғашқы голдың авторы Нұрғайни Бөрібаев пен жеңісті жұлып алған Жансұлтан Мұхаметхановтың әрқайсысы қоржынына 1 миллион теңгеден салған көрінеді. Сондай-ақ, қақпаны берік күзетіп, командасын бірнеше рет қауіптен құтқарған Мирослав Лобанцев те үздік ойыны үшін 1 миллион теңге сыйақы алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров