Көкшетаулық "Оқжетпес" клубы алдағы маусымға дайындықтың маңызды кезеңін шетелде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, команда ақпан айының ортасында Түркияға аттанады.
Жоспар бойынша, Көкшетаулық ұжым 14 ақпанда Түркияның туристік орталығы Антальяға барып, онда екі аптаға жуық уақыт бойы қызу жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Бұл оқу-жаттығу жиыны 26 ақпанға дейін жалғасады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта "Оқжетпестің” Түркиядағы жиын барысында кімдермен жолдастық кездесу өткізетіні әлі нақтыланған жоқ. Қарсыластар тізімі мен ойын кестесі кейінірек белгілі болмақ. Бұл жиын команданың жаңа маусым алдындағы тактикалық сызбаларын пысықтап, ойыншылардың физикалық бабын тексеруге бағытталған.
Біздің серіктес: FONBET