Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» жейдесін талантты жартылай қорғаушы киді

03.01.2025, 09:05

Жаңа маусымда көкшетаулық клуб намысын Санжар Сатанов қорғамақшы.

Санжар Сатанов «Тұран» сапында
Жарнама
Жарнама

24-жастағы ойыншы осыған дейін «Тұран» сапында өнер көрсеткен. Өткен маусымда С. Сатанов түркістандық ұжым қатарында ҚПЛ-де 17 матчта алаңға шықты: 12 кездесуді бірінші минуттардан бастаса, 5 бәсекеде қосалқы құрамнан қосылған. 

«Тұран» намысын 2022-жылдан бері қорғап келеді. Содан бері 52 ойында өнер көрсетіп, 2 гол салып, тағы сонша ассист жасаған. 

Санжардың спорттық мансабында тағы «Мақтаарал», «Атырау» секілді клубтар болды. transfermarkt порталының мәліметіне сай, футболшының нарықтық құны 125 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров