Бразилияда оқып келген балалардың тағдырына Үкімет араласты. «Астана-64″ командасы тарап, Алматыға келген он бес бала Елордаға қайта оралды.
Спорт және дене шынықтыру агенттігі жас футболшыларға тағы бір команда құрып берді. Қазір командаға нақты ат қойылған жоқ. Бізге мәлім болғандай клубты, бразилиялық бапкер Тиаго Козлоски жаттықтырады. Жаңа команда бірінші лигада бақ сынайтыны да мәлім болды. Қазір бұл клуб бразилияда тәлім алған футболшылармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Команда өзінің бірінші лигадағы ойындарын «Астана арена» стадионында өткізеді.
аламан.кз