Жарнама
Жарнама

Оле-Гуннар Сульшер: "Рэшфорд кез келген футболшы үшін эталон"

29.12.2019, 23:25
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер Ағылшын премьер-лигасының 20-туры аясында "Бёрнлимен" болған матчтан кейін шабуылшы Маркус Рэшфорд жайлы пікір білдірді. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдейді.

-"Рэшфорд – кез келген футболшы үшін физикалық дайындық жағынан эталон. Ол өз дене-бітіміне, дайындығына қатты көңіл бөледі. Мен оны көбіне жаттығу залы мен жасыл алаңнан көріп үйреніп кеттім. Кезінде менімен бірге доп тепкен (Роналду жайлы) футболшының бойынан осы қасиетті байқайтынмын. Ол да шабуылда жақсы ойнайды. Кейде мен екеуін жиі салыстырамын. Криштианудың бойындағы бар қабілет Маркустан да табылады", - дейді норвегиялық маман.

Естеріңізге сала кетейік, "МЮ" АПЛ-да 20 ойын өткізіп, 5-сатыға жайғасты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров