«Бешикташтың» бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер алдағы маусымда жоспарына енбеген бес ойыншыны атады.
Milliyet басылымының дерегіне сүйенсек, Чиро Иммобиленің клубтан кетуі және Дэвид Юрасек, Тэмми Абрахам, Оркун Кёкчю секілді жаңа ойыншылардың келуімен команданың құрамына өзгерістер енгізіліп жатыр.
Осы орайда кетуі мүмкін футболшылардың тізіміне Зайнутдинов, Әл-Мусрати, Жан Онана, Алекс Окслейд-Чемберлен және Элан Рикардо кірді. Әл-Мусрати, Онана және Зайнутдинов үшін клуб сату немесе жалға беру нұсқаларын қарастыруда.
Өткен маусымда Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында барлық турнирлерде 12 ойынға қатысып, 1 нәтижелі паспен көзге түскен.
Біздің серіктес: FONBET