«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. «Қайрат» футбол клубының Бақылаушылар кеңесінің 13 ақпанда өткен мәжілісінде Ресей ұлттық футбол лигасының спорттық директоры болған Олег Флогентов алматылық аяқдопшылардың спорттық директоры,
ал Астана қаласындағы Олимпиадалық дайындық орталығының бастығы Қанат Сыздықұлы Түлеков Бас менеджер боп тағайындалды.
Олег Флогентов енді «Қайраттың» негізгі құрамынан бастап ең төменгі жасқа дейінгі барлық клубтарының жұмысын басқармақ. Сондай-ақ оның қарамағындағы мекеме іріктеу мен құрамына спорттық талдау, дәрігер және психологтар кіретін кешенді бақылау тобына да жетекшілік жасайтын болады.
Бұл жиында сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубының Бас бапкері Дмитрий Огайдың Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Онда команда 18 ойыншымен келісім-шарт жасасқан болатын. Оның 12-сі - қазақстандық, ал алтауы шетелдік легионерлер. Енді 16 ақпан мен 2 наурыз аралығындаығ үшінші жиында команданы жасақтау үдерісі толық аяқталмақ. Онда қарқынды жаттығудан бөлек бірнеше жолдастық кездесулер ұйымдастырылғалы отыр.