Жарнама
Жарнама

Олег Кубарев: “Тәжірибелі ойыншылар Қазақстанды таңдайды, ол жақта жағдай әлдеқайда жақсы”

Бүгін, 16:59

"Зимбру" клубының бас бапкері Олег Кубарев  трансферлік саясат пен клубтың қаржылық мүмкіндіктері туралы ашық айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Олег Кубарев
Жарнама
Жарнама

Маман молдовалық ұжымның бюджетін Қазақстандық клубтармен салыстыра отырып, неге тәжірибелі ойыншыларды қатарға қоса алмайтындарын түсіндірді.

Бапкердің айтуынша, жас легионерлер мен тәжірибелі ойыншылардың арасында таңдау жасау мүмкіндігі шектеулі. Мұның басты себебі — жалақы мен әлеуметтік жағдай. Кубарев білікті ойыншылардың Молдоваға қарағанда Қазақстанға ат басын бұруды жөн көретінін жасырмады.

"Тәжірибелі Беларусь футболшылары Қазақстанды таңдайды. Өйткені ол жақта ұсынылатын жағдай біздегіден бірнеше есе артық.

Клуб тек өз қалтасы көтеретін ойыншыларға ғана ұсыныс тастай алады. Қазақстан Премьер лигасының қаржылық әлеуеті Молдова клубтарымен салыстырғанда жоғары, бұл легионерлер үшін басты фактор болып қала береді.

Сапалы ойыншыны шақыру үшін бюджеттің жұтаңдығы қолбайлау болып отыр.” — деді бапкер Moldfootball порталына берген сұхбатында.

Қорыта айтқанда, Кубаревтің сөзі бүгінгі футбол нарығындағы шынайы көріністі сипаттайды: кәсіби спортшы үшін мансаптық өсумен қатар, қаржылық тұрақтылық та маңызды. Сондықтан, "Зимбру” сияқты ұжымдарға трансфер нарығында Орталық Азия клубтарымен бәсекелесу қиынға соғып тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров