Жарнама
Жарнама

Олег Таран: "Милевскийді командаға шақырғаның — өз-өзіңді сыйламағының"

11.03.2014, 19:26
Жарнама
Жарнама
08aef-2-270x254Өткен аптада жалғыз Қазақстан емес, бүкіл ТМД елдерінің БАҚ өкілдері Артем Милевскийдің "Ақтөбе" клубына ауысқанын жарыса жазған еді. Алайда украиналық шабуылшы батысқазақстандықтардың сапында ұзақ болмай, команданы тастап кеткен болатын. Бұған клуб басшылығы әр түрлі себеппен жауап қатқан-ды. Соңғы күндері Артемды ресейлік БАҚ-тар Запарожьенің "Металлург" клубына ауыстырып қойған-ды. Алайда бүгін "Металлург" ұжымының бас бапкері Олег Таран осы жаңалықты теріске шығарып, Милевскийді керек етпейтінін жариялады. — Футболшының ешкімге керек болмауы агентінің мәселесі, түсініп тұрсыз ба? Оған футболмен қоштаса беруге болады, — деді Таран "Футбол 1" телеарнасына. — Бұл желсөздердің қайдан шығып жатқанын білмеймін. Менде онсыз да жақсы ойыншылар бар, мысалы Дима Юсов. Бұндай футболшыны Запарожьеге шақыру үшін өз-өзіңді сыйламауың қажет.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров