Қысқы Олимпиаданың басталған тұста Еуропа ареналарында да бәсеке қызайын деп тұр. Рим дербиі, «қапшықтардың» текетіресі. Роналдусыз «Реал». АйнаLine сайты осы аптадағы қызықты футбол матчтарына шолу жасайды.
«Ливерпуль» – «Арсенал»
Суарес “алтын бутсыдан” дәмелі АПЛ-дың 25-турының шымылдығы «Ливерпуль» мен «Арсенал» матчында түріледі. Маусым басында «мерсисайдтар» бас жүлдеден үміткер ретінде көрінген. Кейінірек аздап тосылыңқырап қалды. Топ басындағыларды ұзатып алмас үшін «Ливерпульге» қалай да жеңіс қажет. Өкінішке қарай, Роджерс шәкірттері әлеуетті клубтармен болған ойынның бәрінде жеңілді. Бірінші айналымда сырт алаңда «Арсеналға» 0:2 есебімен ұтылған болатын. Арсен Венгер шәкірттеріне де жеңіс ауадай қажет. Енді ше, тура желкесінде «Манчестер Сити» мен «Челси» ентігіп тұр. Топ тізгінін шығармау үшін «Арсенал» барын салуы тиіс. 8 ақпан, 18:45. «Энфилд»«Боруссия М» – «Байер»
Испан баспасөзі “Боруссия М” қақпашысы Тер Штегенді “Барселонаға" ауысады деп жазып жүр. Алайда, бүгін ол менхенгладбахтық клубтың қақпасын қорғайды. Неміс бундеслигасы да қызықты матчпен басталмақ. «Боруссия М» «Байерді» қабылдайды. Соңғы рет менхенгладбах футболшылары өз алаңында 1989 жылы қарсыласын тізе бүктірген-ді. Содан бері 21 ойында «Боруссия» футболшылары жеңіске бастар жолды таба алмай келеді. Статистика бойынша да Люсьен Фавр шәкірттерінің жағдайы мәз емес. «Боруссия» небәрі 15-ақ рет «Байерді» ұтқан. Өз кезегінде леверкузендіктер 25 матчта басым түскен болатын. 8 ақпан, 01:45. «Боруссия-Парк»«Челси» – «Ньюкасл»
Бірінші айналымда “Челси” қақпасына соғылған екі голдың бірі Лойк Реми салған болатын. Өткен турда «Манчестер Ситиді» сырт алаңда жеңген «Челси» рухтанып қалды. Бұл аптада Моуриньоның сынынан өтуге Алан Пардью тәрбиелейтін «Ньюкасл» келмек. «Ақсүйектер» соңғы рет ньюкаслдықтарға өз алаңында өткен жылы жеңілген болатын. Ал биылғы өткен екі матчта да Алан Пардью шәкірттері жеңіске жетті. Әйтсе де, «Ньюкасл» соңғы кездері ала-құла ойнап жүр. Букмекерлер «Челсидің» жеңетінін болжаса да, Моуриньо шәкірттеріне оңай болмасы анық. 8 ақпан, 21:30. «Стэмфорд Бридж»«Наполи» – «Милан»
Децибел Беллини “Сан-Паолада” Игуаин атын қанша рет атауы мүмкін? «Наполи» қатарынан соңғы екі ойында жеңіліп қалды. Кубок үшін тартыста «Ромаға» есе жіберсе, ішкі біріншілікте ойламаған жерден «Атлантаға» ұтылды. «Милан» Кларенс Зеедорф келгелі керемет ойнап кетпесе де, біртіндеп турнир кестесінде жоғары көтеріліп келеді. Неапольдықтарды қуантатыны «Наполи» биыл «Сан-Сирода» 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Соңғы рет «россенери» қарсыластарын сырт алаңда 2010 жылы тізе бүктірген. Содан бері не тең түседі, не болмаса ұтылып қалады. 9 ақпан, 01:45. «Сан-Паоло»«Лацио» – «Рома»
Пікір білдірудің қажеті жоқ. Жай ғана “Рим дербиі!” Рим дербиі! Апенин астанасының қос мықтысы «Олимпико» стадионында күш сынасады. «Рома» чемпиондық атақтан әлі үмітті. «Лацио» турнир кестесінің ортасында келеді. Қай-қайсына да 3 ұпай қажет. Оның үстіне, Рим дерби атауының матчтың қаншалықты тартысты өтетінінен хабар беретін шығар?! 9 ақпан, 20:00. «Стадио Олимпико»«Реал» – «Вильярреал»
Роналду енді 3 ойынға қатыспайды. «Корольдік клуб» өткен турда «Атлетикпен» тең түскенімен қоса, «жұлдызы» Роналдудан айрылып қалды. Криштиану ойын соңында төрешіге айтқан сөзі үшін енді 3 ойынға қатыспайды. Бірінші айналымда «Вильярреал» мадридіктерге лайықты қарсылас көрсетіп, 2:2 есебімен тең ойнаған. «Сантьяго Бернабеуде» Роналдудың алаңға шықпайтынына қарамастан «сүңгуір қайыққа» оңай тимейтіні анық. Алда-жалда таблода тең нәтиже тіркелсе, «Вильярреал» үшін жеңіспен пара-пар. 9 ақпан, 01:00. «Сантьяго Бернабеу»«Монако» – «ПСЖ»
Кавани де, Фалькао да жарақатына байланысты командасына көмектесе алмайды. Қос клубты терең тарихына қарамастан, жанкүйерлер арасында «ақша қапшығы» деген атау қалыптасып кеткен. Франциядағы ең бай екі команда 24-турда өзара шеберлік байқасады. Өкінішке қарай, «Монако» басты «жұлдызы» Фалькаодан ұзақ мерзімге айрылып қалды. Матчқа «ПСЖ» сапынан Эдинсон Кавани қатыспайды. Жеңіске мынау жетеді деп басып айту қиын. Әйтсе де, париждіктердің мысы басым. 10 ақпан, 02:00. «Луи II» http://aynaline.kz/2014/02/07/olimpiada-bastalsa-da-futbol-demalmajdy.htmlБіздің серіктес: FONBET