Жарнама
Жарнама

«Олимпиакос» футболшыларына оңай болмайын деп тұр? Грекиялық клуб үшін кедергі болатын фактор айтылды

04.12.2025, 16:19

Грекиялық «Gazzetta.gr» басылымы ЧЛ жалпы кезеңінің аясында болатын «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуіне тоқталып, грекиялық клубқа кедергі болуы мүмкін факторларды атады.

"Олимпиакос" футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

«Реалдан» жеңілген соң «Олимпиакосқа» Чемпиондар Лигасында плей-офқа шығу үшін үш ойынды қатар жеңу керек. Бұл мүмкін болуы үшін командаға «Қайрат» пен «Аякстан» сырт алаңда басым түсіп, өз алаңында «Байер» Леверкузенді ұтуы керек. Ал мұның барлығы сырт алаңда «Қайратқа» қарсы 9-желтоқсанда өтетін өте ауыр матчтан басталады. Пирейліктерге Қазақстанда ауа райы қиын жағдайларда ойнауға тура келеді: Мендилибардың командасын кәдімгідей тығырыққа тірейтін қатты суық күтілуде. Нақты матч басталатын уақытта ауа температурасы – 21-ден төмен түсіп кетеді. Ол аздай дәл сол кезде қар жауып қалу ықтималдылығы да бар. «Қайрат» үшін бұл әрине таң емес, ал «Олимпиакос» футболшыларына оңай болмайын деп тұр», - делінген сайт материалында.

«Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуі 9-желтоқсанда басталады. «Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 5 турдан кейін 1 ұпаймен 35-орынға жайғасуда. Ал «Олимпиакос» еншісінде 2 ұпай. Олар 33-сатыда.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров