Грекияның "Олимпиакос" клубы Алматылық "Қайратқа" қарсы матч өткізу үшін Астанаға аяқ басты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Грекиялық команда Афинадан Астанаға дейін бес сағаттан астам уақыт ұшқан. Қазақ жеріне қона сала Гректерді ең қатты таңғалдырған Астананың ауа райы болған екен.
Gazzetta.gr басылымының жазуынша, Астана әуежайында бірінші кезекте -4°C суықтық Гректерге ерекше әсерге қалдырған.
"Әуежайдағы алғашқы әсер – ұшу-қону жолағын қардан тазалап жатқан қызметтер, сондай-ақ күшейтілген бақылау мен қарулы күзет болды. Қиын жағдайларға қарамастан, делегация көңіл-күйі жақсы, және алдағы "Қайратқа” қарсы матчты жеңуге толық бел буып келді.” – делінген мақалада
Және басылым алдағы матч уақытында ауа-райы мүлдем суытып кетеме деп алаңдап отырғанын да жасырмады.
Матч ертең Астана Аренада кешкі сағат 20:30 да басталады.
Біздің серіктес: FONBET