Словенияның «Олимпия» клубының бас бапкері Жорже Симау Алматының «Қайратына» қарсы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын қарсаңында баспасөз мәслихатында пікір білдірді.
– «Біз ертеңгі матчтың маңызын жақсы білеміз. Бірақ біз үшін әрбір ойын маңызды. „Олимпия“ жейдесімен әр ойында жеңіске жетуді мақсат тұтамыз. Сондықтан бізге қосымша қысым қажет емес. Тыңғылықты дайындалып, алаңда барымызды салуымыз керек», – деді Симау.
Сондай-ақ, бапкер «Қайраттың» осы маусымда ішкі біріншілікте 16 ойын өткізіп үлгергенін атап өтті:
– «Бізге мықты қарсылас қарсы тұрмақ. Олар шабуылда өте қауіпті және соған дайындаламыз. Бұл матч көптеген алдағы ойындар секілді қиын өтеді. Бірақ біз барлық 180 минут бойы өз жұмысымызды жақсы атқарамыз деп үміттенемін. Нәтижеге көңіліміз толады деп сенемін», – деді ол.
Айта кетейік, алғашқы матч 8 шілде күні Люблянада (Словения), ал қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET